1 қыркүйек.

Жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналып, 1 қыркүйек күні мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зияткер ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шара «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Мемлекеттік Гимн шырқалып, мектебіміз бірінші сынып оқушыларын салтанатты түрде қарсы алды.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Э.И. Мельникова және Сухорабов ауылдық округінің әкімі Т.Ж. Ашамаев құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыс тіледі.

Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 11-сынып оқушысы Мұқамедрақым Батырхан мен 1-сынып оқушысы Сапарова Даянаға берілді. Салтанатты жиыннан кейін бірінші сынып оқушылары өздерінің алғашқы сабағына аттанды.

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге, жаңа білім мен толағай табыстарға толы болсын!

Дата публикации: 01.09.2026