Достық күні

2 маусым күні мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Достық күні» өткізілді. Іс-шара барысында балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, түрлі қызықты ойындар мен көңілді сайыстарға қатысты. Тәрбие алушылар достықтың қадірін түсініп, өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың маңызын ұғынды. Күн көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларға жағымды әсер мен жарқын естеліктер сыйлады.

 

Дата публикации: 24.06.2026