«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханасында бірінші сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
Балалар кітапханамен танысып, мұнда әртүрлі кітаптар «тұратын» ерекше орын екенін білді. Кітапханашы кітаптардың үйге берілу тәртібімен таныстырып, әр оқушының кітапхана оқырманы бола алатынын түсіндірді.
Оқушылар кітаптарға үлкен қызығушылық танытып, әңгіме мен ойындарға белсене қатысып, кітапхананың тұрақты оқырманы болуға ниет білдірді.

Дата публикации: 11.11.2025