Жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы аясында оқушылар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді

Жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы аясында оқушылар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында балалар еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызымен танысып, тәуелсіз Қазақстанның рәміздері туралы қызықты мәліметтер білді.

Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін танытып, Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті бейнелейтін әсем әрі ерекше қолөнер бұйымдарын жасады.

 

Дата публикации: 24.06.2026