Біртұтас тәрбие
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы — Қазақстандағы білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын кешенді түрде жүзеге асыруға бағытталған құжат. Бұл бағдарлама мектеп оқушыларының тұлғалық дамуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруге, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға баса назар аударады.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының негізгі мақсаты:
Оқушылардың рухани, адамгершілік, зияткерлік және мәдени дамуын қамтамасыз ету;
Азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу;
Отбасы, мектеп, қоғам арасындағы тәрбие байланысын нығайту;
Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге сүйеніп, заманауи тәрбие жүйесін қалыптастыру.
Бағдарламаның бағыттары:
1. Рухани-адамгершілік тәрбие
2. Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
3. Отбасылық тәрбие
4. Ұлттық тәрбие
5. Еңбек және экономикалық тәрбие
6. Экологиялық тәрбие
7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
8. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
9. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру