Мектеп тарихы

1973 жылы ауылда жаңа мектеп ғимараты салынып, әлі күнге дейін он бірінші сынып түлектері білім алып шығады. Ал мектепті 1965 жылы бітірген алғашқы түлектердің арасында Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер Александр Степанович Викторенко болды.  Мектеп директорлары болған: Щербина Виталий Васильевич, Лебедев Николай Васильевич, Спицын Виктор Никитович, Луценко Алексей Николаевич, Викторенко Галина Петровна, Конкаров Бари Латыпович, Магауова Бейнегүл Айтжанова, Билялова Нагима Жахотовна, Конкарова Меруерт Шукуновна, Конкарова Бани Латыповна. Олардың әрқайсысы мектептің дамуына белгілі бір үлес қосты. Ұжыммен бірге ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы, тоқырау, қайта құру, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі барлық қиындықтарды еңсерді. Қаншалықты қиын болғанымен, мектеп педагогтардың қажырлы еңбегінің арқасында,түлектердің арасында бірнеше талантты, беделді, құрметті мұғалімдер өте көп.

Олардың арасында атақты адамдар: Кеңес Одағының Батыры ұшқыш-ғарышкер А.С. Викторенко, әскери ұшқыш А.С. Шаяхметов, В.И. Усенко - а/ш ғылымдарының кандидаты, В.И. Ковтунов - а/ш ғылымдарының кандидаты. Г.И. Белова - Ресейдің халық әртісі де бар.

Біздің ауыл тұрғындарының есінде педагогикалық қызметте үлкен жетістіктерге жеткен құрметті ұстаздардың есімдері сақталған. Олар соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жылдары мектепте білім бергендер: Анна Никифоровна, Левда Александра Филиповна,Усенко Василий Васильевич, Ковтюх Василий Тимофеевич, Шаяхметов Сеит Шаяхметович, Посикан Василий Пименович.